Неманья Максимович Golden Boy-2015 сыйлығына үміттілердің қатарында

Фотография - Неманья Максимович Golden Boy-2015 сыйлығына үміттілердің қатарында

"Астана" командасының жартылай қорғаушысы үздік жас ойыншыға берілетін марапаттқа үміттілердің қатарына еніп отыр

125 0

"Астананың"  сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Golden Boy-2015 сыйлығына үмітті, деп хабарлады Vesti.kz. Сыйлық 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшыларға беріледі.

Сербиялық жастар құрамасының жартылай қорғаушысы кипрлік АПОЭЛ-ге қарсы ойында шешуші гол соғып, «Астананың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектесті.

Жастар құрамасының  капитаны Максимович финалда көзге түсіп, әлем чемпионы атанды. Бұрын БАҚ-та  сербиялыққа италиялық «Милан» мен немістің «Гамбург» қызығушылық танытып отырғаны жазылған.

Номинанттардың толық тізімін ұсынамыз:

АПЛ: Натан Аке ("Уотфорд"/ "Челси"), Деле Алли ("Тоттенхэм"),Эктор Бельерин ("Арсенал"),Адама Траоре ("Астон Вилла"), Джордон Айб, "Ливерпуль"), Келечи Ихеаначо ("Манчестер Сити"), Рубен Лофтус-Чик ("Челси"), Антони Марсьяль ("Манчестер Юнайтед"), Дивок Орижи ("Ливерпуль"), Люк Шоу ("Манчестер Юнайтед").

Бундеслига: Кингсли Коман ("Бавария"), Махмуд Дауд ("Боруссия" Менхенгладбах), Франсиско Родригес ("Вольфсбург"), Пьер-Эмиль Хейбьерг ("Шальке"/ «Бавария»), Аднан Янузай ("Боруссия" Дортмунд/ "Манчестер Юнайтед"), Макс Майер ("Шальке").

Примера: Анхель Корреа ("Атлетико"), Данило Барбоза ("Валенсия"), Мунир Эль-Хаддади ("Барселона"), Сандро Рамирес ("Барселона"), Марко Асенсио ("Эспаньол"/ "Реал"), Закария Баккали ("Валенсия")., Ален Халилович ("Спортинг" Хихон/ "Барселона")

А Сериясы: Рикардо Кишна ("Лацио"), Сергей Милинкович-Савич ("Лацио"), Алессио Романьоли ("Милан").

1 Лига: Марио Пашалич ("Монако"/ "Челси"), Адама Траоре ("Монако"), Адриен Рабьо ("ПСЖ").

Өзге чемпионаттар: Жезон Денайер ("Галатасарай"/ "Манчестер Сити"), Ануар Эль-Гази ("Аякс"), Гонсалу Гедеш ("Бенфика"), Неманья Максимович ("Астана"), Гастон Перейро (ПСВ), Марко Паяч ("Динамо" Загреб), Рубен Невеш ("Порту"), Саймон Мозес ("Гент"), Юри Тилеманс ("Андерлехт"),Тонни Вильена ("Фейеноорд"), Андрия Живкович ("Партизан").

 ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!