"Қайрат" пен "Ордабасы" командасының ойыны тікелей эфирден көрсетіледі

Фотография - "Қайрат" пен "Ордабасы" командасының ойыны тікелей эфирден көрсетіледі

Аталмыш ойын биылғы біріншіліктің соңғы туры болмақ.

300 0

Ертең Қазақстан премьер-лигасының 32 тур аясында, алматылық "Қайрат" пен шымкенттік "Ордабасы" футбол клубтары шешуші кезеңде бақ сынасады.

Екі команданың да алға қойған мақсаттары өте жоғары. Футбол жанкүйерлерінің қызықты әрі ұмытылмас көңіл-күйге толы ойынды тамашлауға мүмкіндіктері бар. Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы чемпиондық шайқаста «Астана» футбол клубынан бір ұпай артта келеді. Премьер-Лиганың 31-ші кезеңінен кейін 42 ұпай жинаған "Қайрат" екінші орында болса, "Ордабасы" турнир кестесінің 4 қатарын иеленген.

Бұл командалардың тағдырын финалдық матч шешетін болады. Аталған тартыста астаналық футбол клубы өз мүмкіндігін жіберіп алса да, Қазақстан чемпионы атағын иеленуге еш кедергі болмайды. 

Ал қос команда арасында өтетін тартысты ойынды ертең сағат 14:50-де "KAZsport" телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілетін болады деп күтілуде, деп жазды baq.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!