Қанат Ислам қарсыласын бірінші раунда-ақ сұлатып салды

Фотография - Қанат Ислам қарсыласын бірінші раунда-ақ сұлатып салды

Отандасымыз кәсіқой бокста жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді.

632 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бүгін АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен жұдырықтасты. Жерлесіміз қарсыласын бірінші раундта-ақ есінен тандырып, жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді. 

Джонатан Батиста осы уақытқа дейін 22 кездесудің 15-ін (оның ішінде 8 белдесуді мерзімінен бұрын) жеңіспен аяқтаған. Жеті жеңілістің екеуінде ғана нокаут алған. 

Естеріңізге салсақ, Қанаттың жекпе-жекке шығатын қарсыласы осыдан екі күн бұрын ауысқан болатын. Онымен мексикалық Алексис Камачо кездесуі тиіс болған.

Кездесу аяқталысымен Қанат Ислам "Қазақстан" телеарнасы арқылы жанкүйерлеріне сәлем жолдап, жекпе-жектен кейінгі сезімімен бөлісті. Ұлттық арнаның "Бүгін жексенбі" бағдарламасының журналистерінің сауалдарына жауап берген ол: "Кездесу барысы қиын болды маған. Ойламаған жерден қарсыласым ауысып кетті, оған дайындалу керек болды.... Бір соққымен бір жарыстың тағдырын шешуге болады. Шынын айтқанда, бірінші раунда аяқталады деп ойламадым. Бірақ дайындығым жақсы болды. Бәрі жоспардағыдай", - деді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!