Көкшетаулық "Арлан" хоккейшілері Петропавлдың "Құлагерін" жеңді

Фотография - Көкшетаулық "Арлан" хоккейшілері Петропавлдың "Құлагерін" жеңді

Есеп – 2:3.

175 0

Петропавлдағы Спорт сарайында ел біріншілігі аясында "Құлагер" командасы көршілес Көкшетаудың "Арлан" хоккейшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz

Қос команданың ойынын тамашалауға келген жанкүйерлер қарасы қалың болды. Барлық билет бірден сатылып кеткен.

"Хоккейден ел чемпионаты біздің облысымызға да жетті. Біз өңір намысын қорғайтын "Құлагер" командасының барына қуанамыз. Біз "Үміт" клубымен бірге хоккейшілерімізге қолдау көрсетуге келдік", -дейді жүзуден паралимпиядалық ойындардың чемпионы Владимир Эрман.

Ойын өте тартысты өтті, айдын иелері бар күшін салғанымен, Қазақстан чемпионатының көшбасшысы – "Арлан" командасынан айласын асыра алмады. Есеп – 2:3.

Ойын аяқталысымен қос команданың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!