Жанат Жақиянов Boxrec рейтингінде екі саты көтерілді

Фотография - Жанат Жақиянов Boxrec рейтингінде екі саты көтерілді

Жанат Жақиянов Boxrec.com рейтингінде 73 ұпаймен 43-орыннан 41-орынға көтерілді

117 0

Жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Йонфрез Парехоны жеңгеннен кейін 2 саты жоғарылады.

Өткен жексенбіде Монакода өткен 12 раундтық кездесуде төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы ұпай айырмасымен жеңіске жетті. Сөйтіп, отандасымыз жеңіл салмақта WBA тұжырымының уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды.

Жанат Жақиянов Boxrec.com рейтингінде 73 ұпаймен 43-орыннан 41-орынға көтерілді, ал Йонфрез Парехо 72 ұпаймен 3 позиция кейін сырғып, қазақстандықтан кейінгі орынға жайғасты.

Айта кету керек, қазақстандық боксшы кәсіпқой карьерасында 26-жекпе-жек (18 КО) өткізіп, 25-інде жеңді, бір қарсыласынан жеңілді. Ал Парехо 17 кездесуінде жеңіп, 2 рет жеңілген.


Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!