"Астана" чемпиондық атағын қорғап қалды

Фотография - "Астана" чемпиондық атағын қорғап қалды

Елордалық клуб екі жыл қатарынан ел чемпионы атанып отыр.

225 0

Футболдан Қазақстан біріншілігі мәресіне жетіп елордалық "Астана" өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Соңғы тур ойындары алдында ел чемпионы атануға қос клуб үмітті болатын. "Астанадан" бір ұпай қалып келе жатқан алматылық "Қайратқа"  чемпион атану үшін "Ордабасымен" болатын ойында жеңістің өзі жеткіліксіз еді. Сол себепті де алматылықтар "Ақтөбемен" болатын ойында "Астананың" ұпай жоғалтуын күткен. Алайда, сәттілік "Астана" жағында болды. Ең алғашқы сыйды оларға "Ақтөбенің" бас бапкері жасады. Бапкердің шешімімен  Чемпиондық атақ сарапқа салынған шешуші ойында  негізгі құрам ойыншылары Стаса Покатилов пен Юрия Логвиненконы "Астана Аренадан" көре алмады. Өз кезегінде "Астана" бапкері –өзіннің мықты деген ойыншыларының бәрін алаңға шығарды.Дегенмен де чемпиондық голды астаналықтар ұзақ күтті.Ойын бойы басымдыққа ие болған алаң қожайындары өз дегеніне  негізгі уақыт аяқталуға екі минут қалғанда жетті. Кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голын Жуниор Кабананга өз еншісіне жазды.

Ал алматылық "Қайрат" "Ордабасыны" жеңгенімен чемпиондық атақты тағы бір жыл күте тұруына тура келеді. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!