Алматыда керлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты жарысының шымылдығы ашылды

Фотография - Алматыда керлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты жарысының шымылдығы ашылды

Жарыс 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада аясында ұйымдастырылып отыр

177 0

Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 8-14 қараша аралығында өтетін керлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Жарыс 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада аясында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан Республикасының спорт тарихында керлингтен бұрын-соңды ірі көлемде мұндай сайыс өтпеген. Тынықмұхиттық – Азия чемпионаты 2016 жылы Швейцария (ерлер) және Канада (әйелдер) арасындағы әлем чемпионатына іріктеу сыны болып табылады, деп хабарлады Универсиада — 2017 баспасөз қызметінен.

Алматыдағы біріншілікте әлемнің 8 елінен келген 13 команда бақ сынауда. Олар: Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Қытай Тайпэйі, Гонконг, Жаңа Зеландия және Австралия құрамалары. Олардың арасында 8 ерлер және 5 әйелдер командасы бар. Жарыс Бүкіләлемдік керлинг федерацисының бекіткен ережелерімен өткізіледі.

«Біз жарысқа қатысушыларға және келген қонақтарға барлық қолайлы жағдайды, оларға еліміздің мәдениеті мен тарихын жақынырақ таныстырамыз деп үміттенеміз», — деді жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР керлинг қауымдастығының Президенті Амантай Күренбеков.

Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков аталған жарыстың арқасында керлинг спорты Қазақстанда одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. "Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты біздің спортшылар үшін мол тәжірибе болмақ. Осында жинаған шеберліктерін 2017 жылғы Универсиада ойындарында көрсетеді деп ойлаймын",- деді ол.

Бүкіләлемдік керлинг қауымдастығының вице-президенті Хью Милликин жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. " Қазақстан бұл жарысқа бей-жай қарамай барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырыпты. Біз сіздерге ризашылығымды білдіреміз",- деді Хью Милликин.

Тынықмұхиттық-Азия біріншілігі 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада алдындағы тестілік сынақ жарысы болып есептеледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!