ОҚО – грек-рим күресінен Қазақстан Кубогінің иегері атанды

Фотография - ОҚО – грек-рим күресінен Қазақстан Кубогінің иегері атанды

Оңтүстік Қазақстанның балуандары шешуші кезеңде де қарсылас шақ келтірмеді

340 0

Ақтөбеде күрес түрлерінен Қазақстан Кубогы өз бастауын алды. Алғаш боп кілемге грек-ри күресінің балуандары шықты. Командалық сайысқа еліміздің 11 аймағының құрамасы қатысты. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Жеребе тартылып, олар үш топқа бөлінген соң, жарыстың алғашқы күнінде топтық кезеңде үздіктер анықталды. Нәтижесінде өз топтарынан Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының командалары суырылып шықты. Аталған үш ұжым жүлдеделерді өзара сарапқа салды. Топтық кезеңде былтырғы Кубок жеңімпазы Алматы облысынан, сонымен қатар Жамбыл және Қостанай облыстарынан айласын асырған Оңтүстік Қазақстанның балуандары шешуші кезеңде де қарсылас шақ келтірмеді. Грек-рим күресінің командалары төмендегідей орналасты:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы;

2.Ақтөбе облысы;

3.Қарағанды облысы;

4.Алматы облысы;

5.Атырау облысы;

6.Павлодар облысы;

7.Астана қаласы;

8.Қостанай облысы;

9.Маңғыстау облысы;

10. Алматы қаласы;

11. Жамбыл облысы.

2015 жылғы Қазақстан Кубогы грек-рим күресінен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жеңісінің 35 жылдығына арналғанын атап өткен жөн. Даңқты балуанды құттықтап облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келді. Ал, облыстық күрес федерациясы ардагерге су жаңа шетелдік автокөлік тарту етті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!