Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін

Фотография - Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін

Оның келесі қарсыласы Канело - Котто жекпе жегінің жеңімпазы болуы мүмкін

1040 0

Геннадий Головкин 2016 жылдың көктемінде рингке шығуы мүмкін.

K2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер BoxingNews24.com-ге  Геннадий Головкиннің қашан рингке шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазды Sports.kz.

"Қазір Канело - Котто жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отырмыз. Мақсатымыз - WBC титулы, сондықтан да бұл кездесудің жеңімпазын күтіп отырмыз. Барлығы жеңімпаздың шешіміне байланысты. Егер ол бізбен күш сынасуға бел буса, онда жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін.  Егер жеңімпаз белгілі бір себептермен Головкинмен жұдырықтасудан бас тартып, өз титулын босатса, жекпе-жек наурыз айында өтуі мүмкін", - деді ол.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!