Ерлан Қожағапанов "Астана" ПКСК басшылығынан кетті

Фотография - Ерлан Қожағапанов "Астана" ПКСК басшылығынан кетті

"Астана" президенттік кәсіби спорт клубында оның отставкаға кеткенін растады

231 0

"Астана" президенттік кәсіби спорт клубында ұйым басшысы Ерлан Қожағапановтың отставкаға кеткенін растады, деп жазады Today.kz. Қолда бар ақпарат бойынша, Қожағапанов бар күшін Қазақстанның футбол феерациясындағы жұмысына бағыттамақ.

"Ерлан Тохтарханұлы шешім қабылдады. Ол өз еркімен жұмыстан босату бойынша арыз жазды. Отставкасы қабылданды. Ол өз күшін Қазақстанның футбол феерациясындағы жұмысына бағыттамақ. Оның орнына кім келетіні әлі белгісіз", - деп хаюарлады ПКСК баспасөз хатшысы Константин Харламов. 

1968 жылы 13 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Кеден академиясын тәмамдаған.

1994-1997 жылдар аралығында "Қазкоммерцбанк" ААҚ басшы лауазымында жұмыс істеді.

1997-1998 жылдар аралығында - ҚР Транспорт және коммуникация министрлігінің "Қазақстан темір жолы" МТҚ бас басқармасының басшысы.

1998 жылдың мамырынан қарашасына дейін ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің қаржы-экономикалық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2002 жылдың шілдесінен қазанына дейін ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

2002-2006 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы.

2006 жылдың қарашасында Астана қаласы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.

2007 жылдың тамыздан бастап Астана каласы әкімінің орынбасары.

2013 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Қазақстан Футбол федерациясының президенті

Кеден қызметінің полковнигі. ІІ дәрежелі "Айбын", "Құрмет" ордендерімен марапатталған



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!