Қарағандыда жасөспірімдер арасында бокстан Серік Сәпиев атындағы турнир өтуде

Фотография - Қарағандыда жасөспірімдер арасында бокстан Серік Сәпиев атындағы турнир өтуде

Турнирге Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Павлодар қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысуда

258 0

Қарағандыда 14-15 жастағы балалар арасында бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Сәпиев атындағы  IV республикалық турнир басталды.

"Бұл турнир игі дәстүрге айналып, төртінші рет ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Мұндай шаралар бокстың дамуына ықпал етеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рахмет. Жастар үшін бұл тәжірибе жинақтау және ұлттық құрама қатарына ену мүмкіндігі. Мен карьерамды осы сынды турнирлерге қатысудан бастағанмын", - деді С. Сәпиев журналистерге берген сұхбатында.

Турнирге Қарағанды, Алматы,  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Павлодар қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Бәсекелер 14 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр: 44 кг, 46 кг, 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг,75 кг, 80 кг, 80 кг астам.

Турнирдің жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!