Дэвид Бекхэм Антарктидада қайырымдылық матчында ойнайды

Фотография - Дэвид Бекхэм Антарктидада қайырымдылық матчында ойнайды

Матчте гиддер, ғалымдар, механиктер мен аспазшылардан құралған командалар кездеседі.

182 0

Футбол бойынша Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм Антарктидадағы жолдастық кездесуге қатысады, деп хабарлады ТАСС.

Матчте гиддер, ғалымдар, механиктер мен аспазшылардан құралған командалар кездеседі. Олардың барлығы Юнион мұздығындағы жеке туристік базада тұрып, жұмыс істейді. Бір құрамада Бекхэм өнер көрсетеді. Матч қандай жағдайларда және қай жерде өтетіні хабарланбады.

Антарктида бұрынғы  футболшының БҰҰ балалар қорын (ЮНИСЕФ) қолдаудағы бүкіләлемдік турнесінің бесінші аялдамасы болмақ.  Марафон мақсаты - барлық континентте бір ойында ойнау.

Бекхэм Папуа-Жаңа Гвинея, Джибути, Непал мен Аргентинада болды. АҚШ-та кездесу өткізу жоспарда бар. Марафон Манчестердегі ойынмен аяқталмақ.

2013 жылдың мамырында футболшы кәсіби карьерасын аяқтағаны жөнінде мәлім етті. Англия құрамасында жартылай қорғаушы 115 матчқа қатысып, 17 гол соқты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!