Астаналық спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Фотография - Астаналық спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Сергей Токарницкий мен Зоя Ананченко алтын және күміс медаль иеленіп, Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті нормативті орындады

331 0

Индонезияда өткен байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Азия чемпионатында Астана спортшылары Сергей Токарницкий мен Зоя Ананченко алтын және күміс медальді жеңіп алып, 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті нормативті орындады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтынан хабарлады.

Чемпионатқа 20-дан астам елден 475 спортшы қатысты.

Жоғары спорт шеберлігі мамандандырылған мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Токарницкий 200 метр қашықтықта Азия чемпионы атанды. Спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Кубогы мен ҚР IV Жазғы спартакиаданың жеңімпазы болып табылады.

Сондай-ақ Астана қ. ЖСШММ спортшысы Зоя Ананченко метр қашықтықта екінші болып мәреге жетті, бұл оның 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін  XXXI Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алуына  мүмкіндік берді. З. Ананченко  байдарка мен каноэде ескек есу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Инчхон қаласында (Корея) өткен XVII Азия ойындарының қола жүлдегері. Соңғы ҚР IV Жазғы спартакиадасында спортшы бірнеше қашықтықтағы (К-1100 метр, К-4500 метр, К-2200 метр) жоғары сынамалы медальдарын иеленді.

Астана спортшыларының бұрын 2016 жылы Рио-де-Жанейрода тамыздың 5-інен 21-іне дейін өтетін  XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алғанын естеріңізге саламыз. Олардың арасында  Елена Потапенко (қазіргі заманғы бессайыс), Инна Клинова (байдарка мен каноэде ескек есу), Досжан Қартықов пен Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі), Флорида Менянова (жеңіл атлетика), Василий Левит және Данияр Елеусінов (бокс) бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!