Алматыда әлемдік додаларда жеңіске жеткен спортшылар марапатталды

Фотография - Алматыда әлемдік додаларда жеңіске жеткен спортшылар марапатталды

Никита Азаров пен оның жеке бапкері Сергей Дмитренко қаржылай сертификаттар иеленді

117 0

Бүгін Алматы қаласында жастар және кадеттер арасында өткізілген әлем біріншіліктерінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды, деп хабарлайды "Дзюдо федерациясы" РҚБ баспасөз қызметінен.

Шара барысында жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин және оның жеке бапкері Қален Қалиұлы, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Арсен Хатип қаржылай мапарапатталды. Сонымен қатар аталмыш жарыстың қола жүлдегері Никита Азаров пен оның жеке бапкері Сергей Дмитренко қаржылай сертификаттар иеленді.

Осыған дейін ҚР Дзюдо федерациясы атынан марапатталған Айболат Ыстыбай мен оның жеке бапкері Мейіржан Есмағанбетов осы жолы конфедерация тарапынан қаржылай марапатталды.

Мұнан бөлек, командалардың кешенді ғылыми тобының мүшелері Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы тарапынан қаржылай сертификаттарға ие болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!