Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

Фотография - Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

31 жастағы Қанат Ислам бірінші орташа салмақта WBA Fedelatin атағына ие.

277 0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін. Бұл ретте аспанасты еліндегі жекпе-жегі ол үшін келесі жылы өтетін бірінші айқасы болады. 

Бұған дейін берген сұхбатында танымал меценат Бауыржан Оспанов Исламның кәсіби бокс әлеміндегі танымал компаниямен келісім жасасатынын және жекпе-жек өткізуге қызығушылық тудыратындардың ішінен Қытай аталғанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске сала кетейік, қазіргі кезде 31 жастағы Қанат Ислам бірінші орташа салмақта WBA Fedelatin атағына ие болып отыр. Кәсіби рингте 20 жеңісті жекпе-жегінің 17-сін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қазақстандық спортшы Майамиде жаттығып жүр.
Өзінің соңғы жекпе-жегінде Қанат Ислам бірінші раундта доминикандық Джонатан Батистуды (15-7-0) нокаутқа жіберді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!