Криштиану Роналду:Биыл "Алтын допты" Лионель Месси алады

Фотография - Криштиану Роналду:Биыл "Алтын допты" Лионель Месси алады

"Алтын доп" кімге тиесілі болатыны белгілі болғандай

390 0

"Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду биылғы жылғы "Алтын доп" иегері Лионель Месси болатынына сенімді.Алайда, алдағы уақытта өзінің де бұл марапатқа иелік ететініне күмәнданбайды.

-Бұл марапат дауыс беру нәтижесіне байланысты, Месси болса бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Чемпиондар лигасын ұтты Испани біріншілігінде де "Барселона" үздік шықты. Жеке басыма келер болсам бұл маусым мен үшін карьерамдағы ең нәтижелі жыл болды деп айтуға болады. Мен Еуропаның үздік сұрмергені атандым. Біз Месси екеуміз соңғы сегіз маусым қатарынан бұл марапатты ешкімге бермей келеміз.Мессимен жақсы қарым-қатнастамыз.Арамыздан қыл өтпес дос болмасақ та бір-бірімізге құрметпен қараймыз.Болашақта "Алтын допты" иелену қолымнан келеді деп ойлаймын.Алда әлі де алты жеті болмаса одан да көп жыл ойнағым келеді. Командамен де жүлде жеңіп алсам деймін.Онсыз жеке басқа берілетін марапатқа қол жеткізу мүмкін емес,- деп мәлімдеді Роналду шетелдік басылымдарға берген сұхпатында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!