Көру қабілеті минус 17 бола тұра жеңіске жету - паралимпиадашының оқиғасы

Фотография - Көру қабілеті минус 17 бола тұра жеңіске жету - паралимпиадашының оқиғасы

Көзінің нашарлығы Әнуар Ахметовке спортта жетістікке жетуге бөгет болмады

449 0


Әнуар бала кезінен өзін бақалардай сезінбеді, көзі нашар көргеніне қарамастан белсенді әрі өмірге сүйспеншілікпен өсті. Қиындықтарды жеңуге спор көмектесті.

"Бала кезімде-ақ күреспен, дзюдомен айналыстым. Алайда, кейіннен жүзуге тоқталдым, өйткені сопрттың бұл түрімен көзге зиян болмағандықтан айналысуыма болатын еді. Басында жай ғана бассейнге барып жүрдім, жүзіп үйрендім. Кейін мен теледидардан жүзуден әлем чемпионатын көріп, сопрттың бұл түріне аңсарым ауды. Енді міне 15 жыл бойына мен жүзумен кәсіби түрде айналысып келемін, жарыстарға қатынасып, жүлделі орындар иеленіп жүрмін", - дейді Әнуар Ахметов.

Айта кетейік, 22 жаар Әнуар айтарлықтай жетістіктерге жеткен. "Көзіңіз минус 17-ге әлсіз болса да, бұл жеңіске бөгет емес деп есептеймін", - дейді спортшы.  Ол Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құраманың мүшесі. Сонымен бірге, Әнуар – Лондондағы паралипиадалық ойындарға қатысқан, Паралимпиада ойындарының бес мәрте Азия чемпионы, Азияның бірнеше дүркін рекордсмені, Шотландияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.


Спортшының ойынша, бұл тізім әлі жалғасын табады. Жүзушінің жоспарында – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғау, оған ол әзірден дайындалуда.

"Жақсы нәтиже көрсету үшін, жақсы дайындық керек. Сол себепті менің әр күнім жаттығудан басталады. Алдымен өзім жүземін, кейін жас жүзушілерге жүзуді үйретемін. Бұл физикалық және моральдық тұрғыдан да дайын болуға көмектеседі. Бәріне күшім жетеді. Менің алдымда не тұрса да, ешқандай бөгетке қарамастан, мен алға тек қана алға ұмтыламын", - дейді паралимпиадашы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!