Сенсация! Ронда Роузи чемпиондық атағынан айырылды

Фотография - Сенсация! Ронда Роузи чемпиондық атағынан айырылды

Роузи мен Холм арасындағы текетірес бас-аяғы 2 раундқа созылды. None

524 0

Аралас жекпе-жектен америка спортшысы Холли Холм жеңіл салмақтағы UFC чемпионы өз отандасы Ронда Роузиді кеше түнде Мельбурнда өткен кездесуде нокаутпен жеңді, деп хабарлайды BNews.kz.
Роузи мен Холм арасындағы текетірес бас-аяғы 2 раундқа созылды. Бүгінге дейін шаршы алаңда жеңіліп көрмеген 28 жастағы Ронда Роузи 13-кездесуінде қарсыласына жол берді. Бұған дейінгі 12 жекпе-жегінде қарсылас шақ келтірмеген америкалық 11 кездесуін алғашқы раундта-ақ нокаутпен аяқтаған.
Роузи екі раунд бойы қарсыласынан басым көрінген. Алайда, ол екінші раундтың ортасына таман қарсыласының үздіксіз соққыларына төтеп бере алмай, кері айналып, қарсыласына арқасын бергені сол, Холли Холм Роузидің жағынан теуіп, есінен тандырды.
Сонымен, 10 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен Холм аса жеңіл салмақтағы жаңа UFC чемпионы атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!