Ярослава Шведова Кианг Вангті жеңіп, финалға шықты

Фотография - Ярослава Шведова Кианг Вангті жеңіп, финалға шықты

Есеп 6:7(4), 7:6(4), 6:4.

213 0

Қазақстан спортшысы Ярослава Шведова Хуахин қаласындағы (Таиланд) WTA Challenger "Hua Hin Championships" халықаралық турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, жартылай финалда біздің теннисші қытайлық Кианг Вангті ұтты - 6:7(4), 7:6(4), 6:4. Финалда ол жапониялық спортшы Наоми Осакамен тартысқа түседі. Бұдан бұрын ширек финалда Ярослава Шведова қытайлық Юнг-Юнг Дуанды жеңген болатын.

Турнирдің жүлде қоры 115 мың долларға бағаланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!