"Жетісу" Премьер-лигада қалды

Фотография - "Жетісу" Премьер-лигада қалды

Бұл алдағы маусымда жоғары топта кімнің ойнайтынын шешетін ойын еді

144 0

Биылғы маусымда Премьер-лигада сүреңсіз өнер көрсеткен Талдықорғанның "Жетісу" командасы Астанада бірінші лиганың күміс жүлдегері Өскеменнің "Восток" клубымен кездесті. Бұл алдағы маусымда жоғары топта кімнің ойнайтынын шешетін ойын еді. 

Матч басталысымен екі команда бірден шабуылға көшті. Әсіресе, "Восток" допқа көбірек иелік етуге тырысты. Кездесудің екінші минутында-ақ Айдар Арғымбаев алғашқы допты қақпаға қарай теуіп үлгерді. «Востоктың» шабуылы ширақ көрінгенімен, гол соғатын сәттер аз болды. Бірінші таймның орта тұсында басымдық "Жетісуға" ауды. Азовский шәкірттері 31-минутта есеп ашты. Голдың авторы – Марат Шахметов.

Екінші кезеңде де «Восток» тізгінді қолына алуға тырысты. Бірақ допты бақылауда ұзақ ұстап тұра алмады. Ойынға жаңа тыныс береді деген Шмидт пен Богданов та түк бітіре алмады. Шабанов қорғаған қақпаны дүркін-дүркін нысанаға алғанымен, есепті теңестіру мүмкін болмады. Сөйтіп бірінші таймда Шахметов соққан гол "Жетісуға" жеңіс әкелді.
Сонымен, Жетісу өңірінің командасы жоғары топта қалатын болды.

Жетісу» – "Восток" – 1:0
Гол: Шахметов, 31 (1:0).

"Жетісу": Шабанов, Горячий, Сағындықов, Герасимов, Әділханов, Савич, Әмірсейітов, Шахметов (Петролай, 89), Давлатов (Төлеев, 65), Тұрысбек, Галиакберов (С. Сариев, 90+1).

"Восток": Никлевич, Шевченко, Ерланов, Шабаев, Д. Шмидт, Шапурин, Ыбыраев, Жанұзақов, Шакин (Е. Шмидт, 57), Тюрин (Богданов, 79), Арғымбаев (Удалов, 88).


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!