"Астана" ФК "Галатсараймен" өтетін матчқа жанкүйерлерін шақыруда

Фотография - "Астана" ФК "Галатсараймен" өтетін матчқа жанкүйерлерін шақыруда

Қос клуб арасындағы кездесу сегізінші желтоқсан күні өтеді

282 0

"Астана" президенттік футбол клубы  "SCAT" әуекомпаниясымен бірлесіп, Ыстамбұлда 8 желтоқсанда өтетін түріктің "Галатсарайына" қарсы Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің алдағы өтетін матчына бірегей тур ұйымдастыруда.


Жол құны - 690 АҚШ доллары. Бұл бағаға Астана-Ыстамтамбұл-Астана бағыты бойынша ұшырылым, қонақүйге, әужайға дейінгі трансферт, бес жұлдызды қонақүйде 3 күн, 2 түн тұруы, матчқа билет кіреді. Жанкүйерлерге Ыстамбұлды аралауға мүмкіндік бар. 8-і күні "Галатсарайға" қарсы матчқа барады.

Еске салсақ, матч аты аңызға айналған  "Тюрк Телеком" аренасында өтеді. Матчтан кейін жанкүйерлер бірден оларды күтіп тұрған автобусқа мініп, әуежайға жетеді. 9 желтоқсан таңертең  чартерлік борт Астана әуежайына келіп қонады.

Әрбір тілек білдіруші матчқа жолдама ала алады. Ұйымдастырушылар  180 адам баруға  тілек білдірсе,  акция болуы мүмкін екендігін атап өтті, деп жазды ҚазАқпарат.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!