Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Уэльспен ойынға дайындығын бастайды

Фотография - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Уэльспен ойынға дайындығын бастайды

Уэльс командасымен болатын ойын 26 қарашаға жоспарланған.

193 0

17 қараша күні Қазақстан әйелдер құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Уэльс құрамасымен өткізетін ойынға дайындықты бастайды.

Оқу-жаттығу жиыны 17-23 қараша аралығында Шымкентте өтеді, деп хабарлайды ҚР Футбол федерациясынан.

Бас бапкер Калоян Петков жиынға келесі ойыншыларды шақырды:

 Қақпашылар: Оксана Железняк, Александра Гребенюк, Алина Боброва (барлығы - БИІК-Қазығұрт);

 Қорғаушылар: Екатерина Красюкова, Юлия Мясникова, Вероника Корниенко, Мария Демидова, Агата Саттарова, Екатерина Бабшук, Айжан Өміртаева (барлығы - БИІК-Қазығұрт), Әйгерім Әйтімова (СШВСМ-Барыс);

Жартылай қорғаушылар: Ксения Хайрулина, Мәдина Жаңатаева, Адиля Вылданова, Карина Жұмабайқызы, Сәуле Кәрібаева (барлығы - БИІК-Қазығұрт), Кәмила Құлмағамбетова, Екатерина Пяткина (екеуі де - «Көкше»), Жәмилә Қайырбекова («Астана»), Бегайым Қырғызбаева (СШВСМ-Барыс);

Шабуылшылар: Светлана Бортникова (БИІК-Қазығұрт), Мария Ялова («Кубаночка» Краснодар, Ресей).

Жаттықтырушылар штабы: Калоян Петков - бас бапкер, Айтпай Жамантаев - аға жаттықтырушы, Ильдар Шәкіров - қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбітова - дәрігер, Георгий Леденцов - менеджер.

19 қараша күні оқу-жаттығу жиыны аясына жолдастық матч өтеді. Ал, 24 қарашада Қазақстан әйелдер құрамасы Лондонға жол тартады. Әрі қарай Хаверфордуэст қаласына барады. Мұнда Уэльс құрамасымен іріктеу матчы өтеді. 

Матч 2000 жанкүйер сыятын "Бридж Медоу" стадионында  26 қараша күні Астана уақытымен 20:00-ге жоспарланған.


Тегтер:

футбол спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!