Екатерина Айдова жаңа маусымды сәтті бастады

Фотография - Екатерина Айдова жаңа маусымды сәтті бастады

Екатерина Айдова жаңа маусымды сәтті бастады

148 0

Конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өткен әлем кубогының бастапқы кезеңінде қарағандылық Екатерина Айдова мәреге бірінші келді.  

Жарыстың соңғы күнінде В тобында өнер көрсететін қыздар 500 метрге жарысты. Бұл сында қазақстандық Екатерина Айдова 25 ұпай жинап бірінші орын алды, деп жазды baq.kz.

Екінші орынға голландиялық Флор Ван дер Брандт тұрақтаса, үздік үштікті оның отандасы Джанин Смит қорытындылады.

Жаңа маусымды жақсы нәтижемен бастаған жерлесімізге сәттілік тілейміз.

Конькимен жүгіру спорты. Әлем кубогы. Бірінші кезең. Калгари (Канада). Әйелдер. 500 м. В тобы.

1. Екатерина Айдова Қазақстан) – 38.21
2. Флор Ван дер Брандт (Нидерланды) – +0.03
3. Джанин Смит (Нидерланды) – +0.05. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!