Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының финалдық ойындары басталды

Фотография - Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының финалдық ойындары басталды

Осы жылдың көктемінде өткен іріктеу ойындарының нәтижелері бойынша Чемпионаттың финалдық бөлігіне қатысуға "жолдама" алғандар белгілі болды

389 0

Бүгін Алматыда мини-футболдан Қазақстанның Ұлттық студенттік лигасының финалдық ойындары басталды.

Алдағы жылы студенттер арасында өтетін мини-футболдан әлем чемпионатына қатысу үшін ЖОО командаларының үздік ойыншылары еліміздің құрамасына іріктеледі.

"Мини-футболдан Қазақстанның Ұлттық студенттер лигасының екінші маусымына 30-дан астам команда қатысып отыр. Олар Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы, Алматы облысындағы ЖОО өкілдері.

Еске сала кетейік, өткен жылы ҰСЛ ойындарына Астана мен Алматы қалаларының ЖОО-лары ғана қатысқан болатын. Бұл Қазақстанда студенттердің спорттық қозғалысының кеңінен таралуының  айқын дәлелі екендігін көрсетіп отыр»,-делінген ҚР БҒМ мәліметінде.

Осы жылдың көктемінде өткен іріктеу ойындарының нәтижелері бойынша Чемпионаттың финалдық бөлігіне қатысуға «жолдама» алғандар белгілі болды.

Атап айтқанда,  ҰСЛ финалына Астана қаласынан "NAZARBAYEV UNIVERSITY" (Назарбаев Университеті), "Агротех-57" (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) және "Күлтегін" (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті) командалары, Алматы облысы мен Алматы қаласынан "Techno" (Еуразиялық технологиялық университет), "Жетісу Барысы" (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті), "IT Legion" (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті), "Алтын Дән" (Қазақ ұлттық аграрлық университеті), "Caspian University" (Каспий университеті) және "Арлан" (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Шымкент қаласынан "Достык" (Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті) және басқа да командалар бар.

Топтық кезеңнің жарыстары «Достық» спорт кешенінде 16-19 қараша аралығында ұйымдастыралыд. Ал жартылай финал және финал жексенбі күні - 22 қарашада өтеді.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!