Жерар Гоу Қазақстан біріншілігінің ең мерген ойыншысы атанды

Фотография - Жерар Гоу Қазақстан біріншілігінің ең мерген ойыншысы атанды

Бұл туралы бүгін "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады

394 0

Футболдан "Қайрат" командасының 26 жастағы шабуылшысы, кот-д'ивуа́рлық Жерар Гоу 22 гол соғып, биылғы - XXIV Қазақстан Премьер-Лигасының ең мерген ойыншысы атанды. Бұл туралы бүгін "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол "Оқжетпес" пен "Ертіс" командаларына төрт доптан, ал "Жетісу", "Астана", "Ақтөбе" және "Тараз" командаларына екі доптан салды. Тек "Қайсар" командасына ғана биыл бірде-бір рет гол салмаған.   

Сонымен қатар, Жерар Гоу қақпашылар - Антон Цирин мен Давид Лорияны қақпадан төрт реттен доп алуға мәжбүр етті. Сондай-ақ, Александр Петуховтың қақпасына үш доп,  ал Андрей Пасеченко, Ненад Эричу, Александр Григоренко және Стасу Покатиловтың қақпасына екі доптан салған. Барлығы 10 қақпашы Жерар Гоудан гол жіберіп алды.

Ол он допты оң аяғымен (соның ішінде 3 доп -11 метрлік айып белгісінен), 6 допты баспен және тағы 6 допты сол аяғымен салған.

Айта кетелік, Алматының "Қайрат" командасы 45 ұпаймен биылғы біріншіліктің күміс жүлдегері атанды. Енді алдағы 21-ші қарашада алматылықтар елордада ел чемпионы - "Астана" командасымен Қазақстан Кубогын сарапқа салады.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!