Ауыр атлетикадан әлем чемпионатын "Kazsport" пен "Қазақстан" арналары көрсетеді

Фотография - Ауыр атлетикадан әлем чемпионатын "Kazsport" пен "Қазақстан" арналары  көрсетеді

Хьюстон қаласында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан атынан он бес спортшы қатысады

1047 0

Қарашаның 20-28-сі аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Қазақстан атынан 15 спортшы аттанады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.

Аталған байрақты бәсекеге лицензиялық деңгейге ие. Сондықтан да Рио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялардың толық топтамасын (4 ер және 4 әйел) жеңіп алу үшін Қазақстан құрамасының алдында ерлер арасында үздік алтылыққа және әйелдер үшін үздік тоғыздыққа кіру міндеті қойылды.

Ауыр атлетика спортшыларымыздың өнер көрсетуін "Kazsport" және "Қазақстан" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Хьюстон қаласында өтетін Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшыларының тізімі:

Әйелдер құрамасы:

Маргарита Елисеева 48 кг

Карина Горичева 63 кг

Жазира Жаппарқұл, Майя Манеза 69 кг

Светлана Подобедова 75 кг

Надежда Ногай, Александра Аборнева +75 кг

Ерлер құрамы:

Арли Чонтей 56 кг

Фархад Харки 62 кг

Нижат Рахимов 77 кг

Денис Уланов, Ермек Өміртай 85 кг

Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов 94 кг

Александр Зайчиков 105 кг



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!