Бельгия мен Испания арасындағы матч лаңкестік қаупіне байланысты кейінге қалды

Фотография - Бельгия мен Испания арасындағы матч лаңкестік қаупіне байланысты кейінге қалды

Бельгия билігі қауымдастыққа ойынды кейінге шегеру туралы өтініш білдіргені аталып өтілді

277 0

Бельгия мен Испания арасындағы жолдастық кездесу лаңкестіктің орын алуы қаупінің артқанына байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы Бельгия корольдік футбол қауымдастығының ресми сайтында хабарланды.  

Бельгия билігі қауымдастыққа ойынды кейінге шегеру туралы өтініш білдіргені аталып өтілді. Бұған лаңкестік қаупінің артуы мен күдікті тұлғалар туралы ақпарат себеп болды.  

"Екі команда арасында жолдастық кездесу болмайтыны туралы кеш хабарлап жатқанымыз өкінішті, әрі жанкүйерлердің көңілі қалғанын түсінеміз. Алайда жағдайларды ескере отыра, ойыншылар мен жанкүйерлердің басын қауіпке тіккіміз келмейді", - делінген хабарламада.

Корольдік футбол қауымдастығында билет иелері бір апта ішінде толық нұсқаулар алатынын айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!