"Барыс" Мәскеуде "Спартакты" ұтты

Фотография - "Барыс" Мәскеуде "Спартакты" ұтты

Бұл елордалық команданың қатарынан алтыншы жеңісі

250 0

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың "Барысы" Мәскеуде "Спартакты" жеңді.  

Кездесу Мәскеудегі "Скольники" сарайында өтті. Ойын 2:5 есебімен аяқталды.

Андрей Назаров шәкірттері есепті 9 минутта ашты. Мергендігімен көзге түскен Кевин Даллмэн. Арада 21 секунд өткенде Вадим Краснослободцев есепті еселей түсті, деп жазды Baq.kz.

Екінші кезеңде Константин Романов есепті 3:0-ге жеткізді. Айдын иелері осыдан кейін ғана оянды. 33-минутта Мерескин «Спартактың» алғашқы шайбасын соқты.

Шешуші 20-минуттықта "Барыс" 2 рет,"Спартак" бір рет қақпа төрін бүлк еткізді. Қорытынды есеп – 2:5. 
Осылайша "Барыс" қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты. Енді ертең Андрей Назаров шәкірттері Санкт-Петербургте СКА-мен кездеседі.

"Спартак" – "Барыс" – 2:5

Шайба:

0:1 – 08:06 Даллмэн (Боченски, Ландин). 
0:2 – 08:27 Краснослободцев (Савченко, Худяков). 
0:3 – 32:30 Романов (Семёнов, Старченко). 
1:3 – 33:17 Мерескин (Глазачев). 
1:4 – 49:04 Худяков (Краснослободцев). 
2:4 – 54:59 Клименко (Геноуэй, Бодров). 
2:5 – 56:58 Сен-Пьер.

"Спартак": Иванников – Геноуэй-Балдаев, Мерескин-Глазачев-Радил; Сорокин-Гилрой, Бодров-Потапов-Клименко; Ермаков-Коробов, Уэллмэн-Лещенко-Шмелёв; Таталин, Воронин-Васильев-Ли, Левицкий;

"Барыс": Лацо – Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Савченко-Эллерби, Худяков-Краснослободцев-Пушкарёв; Трясунов-Семёнов, Руденко-Старченко-Сен-Пьер; Рыспаев, Гренц-Маркелов-Паньшин, Романов;
 


Тегтер:

барыс спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!