"Барыс" Санкт-Петербургте ірі есеппен ұтылды

Фотография - "Барыс" Санкт-Петербургте ірі есеппен ұтылды

Андрей Назаров шәкірттері осыған дейін 5 ойынды қатарынан жеңіп, ұпай санын молайта түскен еді

201 0

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» кеше түнде Санкт-Петербургте жергілікті СКА командасынан ұтылды. 
 

Андрей Назаров шәкірттері осыған дейін 5 ойынды қатарынан жеңіп, ұпай санын молайта түскен еді. Тіпті, соңғы ойында Мәскеуде "Спартакты" ұтқан болатын. Бірақ бұл жолы былтырғы "Гагарин" кубогының жеңімпаздарына шамалары жетпеді, деп жазды Baq.kz.

Негізі "Барыс" ойыншылары кездесуді белсенді бастады. Алғашқы минуттан шабуылға шықты. Алдымен Найджел Доус СКА қақпашысы Микко Коскиненнен айласын асыра алмады. Ал екінші минутта Дамир Рысбаев пен Евгений Артюхин төбелесті. Төреші тоқтатып, екеуін 5 минутқа айдыннан қуды.

Есепті бірінші болып айдын иелері айтты. Шипачев сан басымдығын тиімді пайдаланып кетті. 16-минутта Барабанов есепті еселей түсті. Бірақ қонақтар тез естерін жинап, Худяков бір шайбамен жауап қайтты.

Екінші және үшінші кезеңде тек СКА ойыншылары ғана көзге түсті. Қорытынды есеп – 5:1.

Осылайша, «Барыс» бұл маусымда 19-ші жеңілуге мәжбүр болды. Назаров шәкірттерінде 46 ұпай бар. Енді жерлестеріміз 21 қараша күні Хельскинді «Йокеритпен» кездеседі.

СКА – "Барыс" – 5:1

Шайба:

1:0 – 04:11 Шипачёв (Ковальчук, Бурдасов). 
2:0 – 15:09 Барабанов (Линдстрём, Коскиранта). 
2:1 – 16:56 Худяков. 
3:1 – 33:34 Поникаровский (Ковальчук). 
4:1 – 34:41 Ковальчук (Шипачёв, Дадонов). 
5:1 – 44:13 Коскиранта (Барабанов, Линдстрём).

СКА: Коскинен – Чудинов-Яковлев, Ковальчук-Поникаровский-Кадейкин; Войнов-Юдин, Дадонов-Шипачёв-Гусев; Рукавишников-Калинин, Коскиранта-Линдстрём-Барабанов; Зубарев, Каблуков-Артюхин-Хохряков, Бурдасов;

"Барыс": Лацо – Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Савченко-Эллерби, Худяков-Краснослободцев-Пушкарёв; Трясунов-Семёнов, Руденко-Старченко-Сен-Пьер; Рыспаев, Гренц-Маркелов-Паньшин, Романов;



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!