"Қайрат" Қазақстан кубогының финалы алдында ашық жаттығу өткізді

Фотография - "Қайрат" Қазақстан кубогының финалы алдында ашық жаттығу өткізді

"Қайрат" біріншілікте жіберген есені кубок жолындағы жарыста қайтарып көрмек

473 0

Ертең "Астана-Арена" стадионында "Астана" мен "Қайрат" клубтары  арасында футболдан Қазақстан Республикасы кубогының финалы өтеді. Бүгін алматылық "Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мəслихатын өткізсе, команда жігіттері "Астана-Арена" алаңында финал алдында дене қыздырды, деп жазды ҚазАқпарат.

"Бұл Қазақстан Республикасы Кубогының финалы, сондықтан, екі команда да тек жеңіске талпынады. Бұл маңызды матч жəне финалда Қазақстанның ең мықты екі командасы ойын көрсетеді. Сондықтан, ойын қызық болатынына сенемін", - деді "Қайраттың" жаттықтырушысы.

Оның айтуынша, команда ойыншыларының көңіл-күйі жақсы жəне "Қайрат" басымдыққа ие болуға барын салады. Бас жаттықтырушының баспасөз мəслихатынан кейін "Қайрат" ойыншылары "Астана-Арена" стадионында ашық жаттығу өткізді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!