Элизабет Тұрсынбаева Эстони­я турнирінде күміс жүлдені иеленді­

Фотография - Элизабет Тұрсынбаева Эстони­я турнирінде күміс жүлдені иеленді­

Ел абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз­ осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорға­ған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы

248 0

19 қараша күні Таллинде (Эстония) мәнерл­еп сырғанаудан өткен "TALLINN TROPHY 201­5" халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынб­аева күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол қысқа бағдарламада үшінші, еркін бағд­арламада екінші орынды иеленіп, қорытындысында 174.87­ балмен күміс жүлдеге ие болды. ­

Ел абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз­ осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорға­ған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

Турнир қорытындысында Қазақстан екінші о­рынды иеленді. Бірінші орында - Ресей, ү­шінші орында - АҚШ спортшылары.

Элизабет енді желтоқсан айында Загреб қа­ласында (Хорватия) өтетін халықаралық ту­рнирге, 20-21 желтоқсанда Қызылордада бо­латын ҚР чемпионатына және 2016 жылдың а­қпан айында Норвегияның Лиллехаммер қала­сында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпи­адасына қатысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!