Қазақстанда футбол қаржысын қысқарту ұсынылды

Фотография - Қазақстанда футбол қаржысын қысқарту ұсынылды

Еліміхде ойындық спорт түрлерінің, әсіресе футболдың бюджеттік қаржыландыруы қысқаруы мүмкін

392 0

Қазақстанда ойындық спорт түрлерінің, әсіресе футболдың бюджеттік қаржыландыруы қысқаруы мүмкін, деп жазады Today.kz ҚР Мәдениет және спор министрлігінің көмитет төрағасының орынбасары Асқар Есміовке сілтеме жасай отырып.

"Аймақтардың жалпы спорттық бюджеті 67,8 миллиард теңгені құрады, бірақ мұнда ойындық спорт түрлерінен үлкен қаржы қиылған. Сонымен бірге өзге спорт түрлерінің мүддесі де есептелмеген. Футболды дамытуға биыл 16 миллиард теңге бөлінген, бұл барлық облысты қаржыландырудың 24 пайызын құрайжы", - деді Асқар Есімов Астанадағы республикалық футбол форум-кеңесінде.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін спортты түзеу жүйесі енгізіледі. Қаржыландыруды үш категорияға бөлу ұсынылды: олипиадалық түрлер, ойындық түрлер және қалғандары.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов айтып өткендей, заңнама бойынша спорттық бюджетті құру кезінде қаржының 50 пайызын командалық емес олипиадалық спорт түрлеріне бағыттауы міндетті болады: күрес, бокс, таэквондо, ауыр атлетика, каратэ және басқалары.

"Спорт комитетінің бюджеті 2016 жылға 32 миллиард теңге. Маңызды бөлігі нысандарды салуға бағытталды. Алайда келесі жылы қысқартуға байланысты бюджет 29 миллиард болады", - деп аяқтады Есімов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!