2017 жылғы қысқы Универсиаданың бюджеті екі есеге қысқарды

Фотография - 2017 жылғы қысқы Универсиаданың бюджеті екі есеге қысқарды

Бұл туралы Бүгін алматының "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде өткен форумбарысында белгілі болды.

754 0

Алматыда өтетін 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада бюджеті бастапқыда 32 млрд теңге болса бүгінде екі есеге қысқарып 17 млрд теңге болып отыр, деп мәлімдеді Универсиадаға дайындық барысы аясындағы Отандық өнім өндірушілердің ынтымақтастық форумында Ұйымдастыру комитетінің директоры Әсет Әбдуалиев.

Бүгін, яғни 21 қарашада "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтастық форумы өтті. Форум барысында отандық өнім өндірушілердің қызметі мен тауарлары қойылған көрме де ұйымдастырылды. Көрмеге қатысушылар қатарында құрылыс компаниялары, мамандандырылған техника мен құрал жабдықтар, киімдер,кәдесыйлықтар мен полиграфиялық өнімдерді өндіруші және қызмет көрсетуші мекемелер болды. 

Форумды алғысөзімен қала әкімі Бауыржан Байбек ашты. Ол өз сөзінде 2017 жылғы Универсиаданың қала үшін маңыздылығын атап өтті.Қала әкімінің айтуынша Универсиада халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі. "Міндетті түрде орындалуы тиіс талаптар бар. Біз құны жағынан ең төменгі стандарттарды алдық. Сатып алғанша, кейде жалға алған дұрыс. ЭКСПО-ға алынған заттарды пайдаланамыз. Дегенмен ол халықаралық стандартқа сәйкес болады", деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек

 Одан кейін сөз алған Алматы қаласының Халықаралық спорттық жобалар дирекциясы МҚ басшы Әсет Әбдуалиев Универсиядаға дайындық барысы, бюджеті жайлы толыққанды мағлұмат берді. 

"Біз Универсиада аясында спортқа қатысты емес шығындарды азайттық. Бірінші кезекте Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімін 1,2 млрд. теңгеге қысқарттық. Яғни, рәсім қысқартылған форматта ұйымдастырылады. Мәдени жобалар, халықаралық пиар және маркетингтік шараларға бөлінген қаржы 1,5 млрд. теңгеге қысқартылды. Көлік шығыны 1 млрд. теңгеге азайтылды. Сондықтан біз енді қажетті автокөліктерді сатып алмайтын боламыз. Оларды жалға аламыз. Сонымен қатар Универсиада алауына қатысты эстафеталық шараға жұмсалатын шығын 500 млн. теңгеге қысқартылды", - деді Ә.Әбдуәлиев


"Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың жалпы бюджеті 53 млн. еуроны құрап отыр. Осы жерде айта кететін жәйт, кезінде Түркияның Эрзрум қаласында өткен қысқы Универсиаданың бюджеті - 83 млн. еуро, Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Универсиада - 105 млн. еуро және Ресейдің Қазан қаласында өткен қысқы Универсиаданың операциялық бюджеті - 500 млн. еуроны құраған болатын. Сондықтан біздегі шығындар барынша тиімді жұмсалатын болады", деп қосты Алматы қаласының Халықаралық спорттық жобалар дирекциясы МҚ басшы Әсет Әбдуалиев.


Форум барысында белгілі болғандай,қала тарихындағы маңызды спорттық-мәдени шара 2017 жылғы Универсиадаға әлемнің  55 елінен 2000 спортшы, 1000 техникалық делегаттар мен төрешілер тобы, 3000 ерікті  жұмылдырылады деп күтілуде.Қазақстанда алғаш рет сноубордтың  бигэйр және фристайлдың шаңғы акробатикасы бойынша жарыстар ашық аспан астында Алматы қаласының орталығында өтеді.

Форум соңында Универсиада-2017- ге дайындық аясында    Алматы қаласының Халықаралық спорттық жобалар дирекциясы қазақстандық компаниялармен серіктестік құру меморандумына қол қойды. Келісімнің жалпы құны 20 млрд теңгені құрайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!