Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогінің жеңімпазы

Фотография - Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогінің жеңімпазы

Бұл жеңіс алматылық командаға ел біріншілігіндеге "Астанаға" жіберген есенің орнын толтыра қоюы екіталай

283 0

Қазақстан біріншілігінң алтын жүлдегері "Астана" мен күміс жүлдегер "Қайрат" өзара мықтыны анықтау үшін  Қазақстан кубогінің финалында жолықты. "Астана Аренада" өткен ойын 1-2 есебімен алматылық  команданың  пайдасына шешілді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. 

Түрік төрешісі Джюнейт Чакыр ысқырығы естілісімен "Қайрат" командасы қарсылас қақпасын бетке алған. Бірнеше шабуыл қатарына ұйымдастырған алматылық командаға өз дегеніне жетуге бірде "Астана" қақпашысы Ненад Эрич кедергі болса,бірде "Қайраттықтарға" дәлдік жетіспей жатты. Өз кезегінде астаналықтар өздерінде бар мүмкіндікті ұқыпты пайдаланып  алғашқы қауіпті шабуылды голға айналдыра алған. Алаңның сол қапталында допқа иелік еткен Патрик Твумасиді бәрі әріптестеріне пас шығарады деп күткен. Алайды, ганалық өзге шешім қабылдап күтпеген жерден Плотников қақпасын нысанаға алған. Алматылық команданың қақпашысы бұл соққыға дайын болмай шықты. Қақпаларына гол жіберіп алған қонақтар шабуылын үдеткенімен ойынның бірінші бөлігінде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. 

Есесіне, екінші тайм басталысымен қонақтар Джордже Деспотовичтің көмегімен есепті теңестіре алды. Бұл гол соғылған тұста  "Астана" қорғаушысы Постниковтың жоқ жерден қателескенін де айта кеткен жөн.Есепті теңестірген алматылық команда араға он бес минут салып жеңіс голында соға алды.  Гол авторы тағы да сол Джордже Деспотович. 

Бұл жеңісінің арқасында алматылық "Қайрат" Қазақстан қуобгіндегі жеңістер санын алтыға жеткізе алды. 

Жеңімпаздар мен финалистерді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов марапаттады.


"Астана" –"Қайрат" – 1:2

Голдар: Твумаси, 28 (1:0). Деспотович, 48 (1:1). Деспотович, 70 (1:2).

"Астана": Эрич, Бейсебеков (Кетевоама, 74), Постников, Аничич, Шомко, Мұжықов, Жуков, Максимович, Жолшиев (Кабананга 74), Нөсербаев (Щеткин, 86), Твумаси.

"Қайрат": Плотников, Рудосельский (Нұрмұғамет, 81), Плиев, Соарес, Маркович, Бакаев, Қуат (Гурман, 88), Исламхан, Риера, Деспотович (Гоу, 90), Тимощук.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!