Астанада футболдан Қазақстан чемпиондарына құрмет көрсетті

Фотография - Астанада футболдан Қазақстан чемпиондарына құрмет көрсетті

Фото: ©Арман Мухатов

Құрмет көрсету рәсімі барысында маусымның ең үздік ойыншылары анықталды.

916 0

"Астана" футбол клубы маусымды Қазақстан чемпиондарына құрмет көрсетуге арналған салтанатты рәсіммен қорытындылады.

Бұл маусымды Станимир Стойловтың қамқорлығындағылар өз активтеріне батыл түрде есептеуіне болады. Қазақстан Премьер-Лигасының екі дүркін чемпионы болған астаналық клубтың футболшылары өз ойындарына барлық қазақстандық жанкүйерлердің басын біріктіре отырып, УЕФА лигасының топтық кезеңінде де керемет нәтиже көрсетті. Сондықтан ойыншылар салтанатты кеште лайықты құттықтауларды қабылдады. 

Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласының Әкімі Әділбек Жақсыбеков, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"АҚ басқарма төрағысы Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов, сондай-ақ олимпиада чемпиондары, қоғам қайраткерлері және клубтың басқа да қонақтары қатысты. Футболшылармен қуанышты бірге бөлісуге бүкіл маусым бойында сүйікті футболшыларына қолдау көрсеткен олардың сенімді жанкүйерлері де келді. 

"Астана" футбол клубын чемпион болуымен құттықтай отырып, қала әкімі Әділбек Жақсыбеков бүкіл Қазақстан футболының дамуындағы оң өзгерістерді атап өтті. 

- Мұның бәрі - Елбасымыздың спортқа, футболға қолдау көрсетуге бағыттап отырған күш-жігерінің, елімізде стадиондар, футбол алаңдарын, спорттық нысандарды салу бойынша үнемі тынымсыз жұмыстың жүріп жатқанының арқасы. Әсіресе, бұл елордада анық байқалады. Астана бүгінде спорт орталығына айналды, бүкіл жұрт біздің спорт нысандарына таңдай қағады, - деді,- Астана әкімі,- бұл жұмыс отандық спортшыларымыздың болашақта әкелер жеңістері ретінде өз жемісін әкеледі,  деп сөзін жалғады ол. 


Құрмет көрсету рәсімі барысында маусымның ең үздік ойыншылары анықталды. "Үздік қорғаушы" аталымында Дмитрий Шомко жеңімпаз болып танылса, "Үздік жартылай қорғаушы" болып Роджер Каньяс танылды. "Үздік шабуылшы" аталымын Таңат Нөсербаев иеленді. "Алтын гол" аталымында  "Ақтөбе" командасына қарсы матчта жеңіс добын соғып, "Астананы" маусымның чемпионы еткен Джуниор Кабананга ерекшеленді. "Ең сенімді ойыншы" аталымына  команда қақпашысы Ненад Эрич ие болды, ол астаналық команда құрамында 2010 жылдан бері ойнап келеді. , "Маусымның үздік ойыншысы" аталымы құрмет көрсету рәсімінде жанкүйерлердің дауыс беруі барысында анықталды. Ең көп дауысты клуб демеушілерінің жаңа автомобилінің иесі Фокси Кетевоама жинады. Алайда "Астана" шабуылшысы футболдың командалық ойын екенін, жеңіс барлық ойыншыларға тиесілі екенін атай отырып, өзіне берілген сыйлықтан бас тартты.

"Астана" футбол клубының қатарынан екі рет футболдан Қазақстан чемпионы атанғанын еске сала кетеміз. Алайда команда үшін маусым әлі аяқталған жоқ - астаналық футболшылар 25 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында үйде -"Астана Аренада" португалияның "Бенфика" командасына қарсы ойнайды. Сонымен қатар 9 желтоқсанда "Астана" ФК түріктің "Галатасарай" командасымен көшпелі ойын өткізеді. 


  astana.gov.kz.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!