Астананың "Барысы" Хельсинкиде "Йокерит" командасына есе жіберді

Фотография - Астананың "Барысы" Хельсинкиде "Йокерит" командасына есе жіберді

Есеп 0-2.

73 0

Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатындағы кезекті турында Астананың "Барысы" Хельсинки қаласындағы "Хартвалл Аренада" "Йокерит" командасымен күш сынасты.

Осыған дейін 56 ұпай жинаған фин командасы жалпы чемпионат кестесінде бесінші, Батыс конференциясында екінші орында келе жатса, одан бақандай он ұпайы кем астаналықтар сәйкесінше 18-інші, Шығыс конференциясында 10-ыншы сатыда орналасқан еді.

"Барыс" қақпасын бұл жолы Павел Полуэктов қорғаса, біраз үзілістен кейін шабуылшы Талғат Жайлауов та айдынға шықты.

ҚХЛ телеарнасынан көрсеткеніндей, қос команда қаншама тырысқанымен, алғашқы екі кезеңде есеп ашылған жоқ.

Үшінші кезеңде "Барыс" өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, 49-минутта айдын иелері есеп ашты. Ойын соңында қақпашысын алып тастаған астаналықтар тағы бір голды өткізіп алды. Бұдан кейін финдер тағы бір гол соққанымен, оны төрешілер есептеген жоқ. Сөйтіп "Йокерит" 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, осының алдында алты рет қатарынан жеңіске жеткен "Барыс" өткен турда Санкт-Петерборда СКА командасынан да 1:5 есебімен ұтылып қалған болатын.

"Барыс" келесі ойынын 27 қараша күні өз айдынында Уфаның "Салават Юлаев" командасымен өткізеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!