Сауль Альварес орта салмақтағы WBC чемпиондық титулына иегері атанды

Фотография - Сауль Альварес орта салмақтағы WBC чемпиондық титулына иегері атанды

Коттоны тізе бүктірген Канело Головкинмен жекпе-жекке жолдама алуы мүмкін.

541 0


25 жастағы мексикандық боксшы Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) 21 қарашада пуэрторикалық 34 жастағы Мигель Коттоны (40-5,33 КО) жеңіп, орта салмақтағы WBC чемпиондық титулына ие болды. 

12 раундқа жалғасқан жекпе-жекте қазылардың ортақ шешімімен мексикалық боксшы қарсыласынан ұпай бойынша басым түсті. 

Енді Сауль Альварес 15 күннің ішінде Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты келіссөздерді бастауға міндетті. Олай болмаған жағдайда WBC ұйымы титулды қазақстандық боксшыға тарту етеді. 

Айта кетейік, Сауль Альварестің жекпе-жектегі кепілдендірілген гонорары бес миллион долларды құрайды. Оның қарсыласы, 34 жастағы Мигель Котто (40-5,33 КО) жекпе-жектің өзі үшін ғана 15 миллион доллар алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!