Сауль Альварес: "Головкинмен дәл қазір шығуға дайынмын"

Фотография - Сауль Альварес: "Головкинмен дәл қазір шығуға дайынмын"

Егер сіздер Геннадий Головкинмен шығуды қаласаңдар, мен онымен тап қазір жұдырықтасуға дайынмын", - деді ол рингте алынған сұxбат барысында.

386 0


25 жастағы мексикандық боксшы Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) 21 қарашада пуэрторикалық 34 жастағы Мигель Коттоны (40-5,33 КО) жеңгеннен кейін, ешкімнен қорықпайтынын және қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен шығуға дайын екендігін мәлім етті. 

"Мен ешкімнен қорықпаймын. Егер сіздер Геннадий Головкинмен шығуды қаласаңдар, мен онымен тап қазір жұдырықтасуға дайынмын", - деді ол рингте алынған сұxбат барысында. 

Айта кету керек, Сауль Альварес Мигель Коттодан орта салмақтағы WBC титулын тартып алды. WBC ережесі бойынша Сауль Альварес 15 күннің ішінде орта салмақтағы көшбасшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты келіссөздерді бастауы қажет. Бұл міндетті орындамаса, WBC ұйымы титулды тартып алып, қазақстандық боксшыға береді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!