​Головкин: Альвареспен кездесуге дайынмын

Фотография - ​Головкин: Альвареспен кездесуге дайынмын

Журналистердің сауалына Головкин "Мен дайынмын" деп қысқа қайырды

242 0

Өткен сенбіде Лас-Вегаста төрт салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чепмпионы, 35 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто мен алғашқы ауыр салмақта сынға түсіп жүрген әлемнің экс-чемпионы, 25 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өткен болатын. Бұл кездесуде Альварестің бағы жанып, мексикалық боксшы ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Осылайша ол орта салмақта WBC атағын иеленді, деп хабарлайды allboxing.ru.

Орта салмақта WBA (Super), IBF және WBC (Silver) белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің айтуынша, жекпе-жек тең жағдайда өткен. «Жақсы жекпе-жекке куә болдық. Қос боксшы да керемет өнер көрсетті, жекпе-жек тең жағдайда өтті десе де болады», - дейді сол күні аренада кездесуді тамашалаған Головкин.

"Келесі жекпе-жекте Канеломен кездесуге қалай қарайсыз?" деген журналистердің сауалына Головкин "Мен дайынмын" деп қысқа қайырды.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!