Атырауда әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир өтті

Фотография - Атырауда әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир өтті

Қазақстан қоржынына алты алтын, жеті күміс және сегіз қола жүлде түсті

577 0

Атырауда Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова, ҚР Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алу мақсатында өткен әйелдер арасындағы бокс бойынша халықаралық турнир аяқталды. Халықаралық жарыста қазақстандық спортшы қыздар әр түрлі деңгейлі 21 жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлады.  

Қазақстан қоржынына алты алтын, жеті күміс және сегіз қола жүлде түсті. Алтын жүлделерді Әйгерим Асқарова (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (60 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Мөлдір Базарбаева (81 кг) иеленсе, күміс алқалар Әйгерім Қасенаева (48 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Ақерке Құсайынова (69 кг), Юлдуз Маматкулова (81 кг) және Умида Садыкованың (81 кг жоғары) үлесіне тиді.

Үшінші орыннан Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Мария Агапова (57 кг), Мадина Нуршаева (64 кг), Баян Ақбаева (69 кг), Дания Тілеумбетова (81 кг) және Тоғжан Сыздықова (81 кг жоғары) көрінді.

Жалпы жарысқа алты мемлекеттен келген 83 спортшы қатысты. Ескертіп кету керек, М. Мәметова, А. Молдағұлова және Х. Доспанованы еске алу турнирі жуырда бекітіліп, тұңғыш рет өткізілді. Оның басты мақсаты — әйелдер боксы арасындағы жарыс тапшылығын кемітіп, құрама команда ішіндегі бәсекелестікке серпін беру болып табылады. Спортшылар үшін бұл жарыс келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады.

— Біз міндетті түрде ірі мөлшерде жүлде ұтып алу деген міндет қоймаған едік, — деді Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк. — Ұлттық команданың жаттықтырушылар штабы келесі жылы әлем чемпионатына қатыса алатын қыздарға назар аударған болатын. Олардың басымдылықтар мен кемшіліктерін сарапқа салып, көбінің жүлделі орынға ие болуы, әрине, қуанышты жағдай. Турнирдің өзі өте жоғары деңгейде өтті, сондықтан келген көрермендер уақыттың зая кеткеніне өкінбеді деген ойдамын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!