"Бенфика" командасының Астанаға келетін құрамы белгілі

Фотография - "Бенфика" командасының Астанаға келетін құрамы белгілі

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 2-0 есебімен лиссабондық команданың пайдасына шешілген

121 0

"Бенфика" командасының бас бапкері Руи Виктория чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Астанамен" сырт алаңда өткізетін ойынға жиырма ойыншысын ертті. Өткен кездесуде қызыл қағаз алған Николас Гаитан, жарақатына байланысты Луизао және Чемпиондар лигасы ойындарына ілінбей қалған Филип Джуричич Лиссабонда қалды.

Астанаға келетін құрам төмендегідей:    

Қақпашылар: Жулио Сезар, Эдерсон, Паулу Лопеш,

Қорғаушылар: Лисандро Лопес, Элизеу, Силвиу,Жардел,

Жартылай қорғаушылар: Андреас Самарис, Пицци, Бриан Кристанте, Талиска, Андре Алмейда, Мехди Карсела-Гонсалес, Жоау Тейшейра, Ренату Санчеш,

Шабуылшылар: Рауль Хименес, Жонас, Гонсало Гедиш, Нуну Сантуш, Костас Митроглу

Еске салсақ, кездесу 25 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00 де басталады. Бұл көздесуді жергілікті "ТАҢ" ("ОН ТВ")телеарнасы көрсетеді




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!