Головкин-Альварес жекпе-жегінің проморолигі

Фотография - Головкин-Альварес жекпе-жегінің проморолигі

Әзірге Альварестің командасынан ешқандай хабар жоқ.

425 0

Ғаламторда қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінің проморолигі пайда болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Өткен сенбіде Лас-Вегастағы Mandalay Bay аренада Альварес (46-1-1, 32-0 КО) пен Котто (40-5-0, 33-2 КО) арасында өткен кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (117:111, 119:109 және 118:110) айқын басымдықпен жеңіске жетіп, WBC чемпионы белбеуін иеленді. Осыдан кейін WBC ұйымы Альвареске Головкинмен кездесетінін не белбеуден ерікті түрде бас тартатынын хабарлауы үшін 2 апта уақыт берді.


Әзірге Альварестің командасынан ешқандай хабар жоқ. Ал әлемдегі бүкіл бокссүйер қауым қос боксшы арасындағы жекпе-жектің өткенін тағатсыздана күтіп отыр.

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық боксшының командасынан Головкинге қарсы жекпе-жекке қатысты бүкіл деректі дүйсенбіге дейін хабарлауды талап етіп отыр. Егер 2 апта ішінде ешқандай хабар болмаса, чемпиондық белбеу автоматты түрде қазақстандық боксшыға ауысады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!