"Астана" мен "Бенфика" тең ойнады

Фотография - "Астана" мен "Бенфика" тең ойнады

Есеп 2:2.

645 0

Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өткен "Астана" мен "Бенфика" командаларының кездесуі 2:2 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, "Астана Арена" стадионында өткен ойынның алғашқы 30-шы минутында "Астана" 2:0 есебімен алда келе жатқан. Алдымен кездесудің 19-шы минутында Патрик Твумаси есеп ашса, ойынның 30-шы минутында "Астана" сапынан Аничич есепті еселеген.
Бірақ көп ұзамай "Бенфика" «Астананың» есептегі басымдығына есе қайтара білді. Ойынның 40-шы минутында португалдықтар сапынан Рауль Хименес гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Ал кездесудің 72-ші минутында қарсыластар сапында Рауль Хименес дубль авторы атанды.
Осы ойыннан кейін "Бенфика" С тобында он ұпаймен көш бастап келеді. "Астана" командасы болса, үш балл жинап, төртінші орында тұр.






Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!