Месси Роналдуды "Алтын допқа" үмітті үштіктің қатарына енгізбеді

Фотография - Месси Роналдуды "Алтын допқа" үмітті үштіктің қатарына енгізбеді

Өткен жылы "Алтын допты" Криштиану Роналду алған болатын

382 0

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси "Алтын допқа" үміттілердің арасында үздік үштікке лайықтыларды атады. Аргентиналықтың сөзінше, үздіктердің үшеуі де "Барселона" командасында ойнайды, деп хабарлады Marca.

"Алтын доп" Суарес, Неймар және менің арамда сарапқа салынса екен деймін, деп мәлімдеді Месси.

Менің жарақатымның жазылуы ұзаққа созылды. Алаңға ертерек шыққым келгені рас.Дегенмен жарақатым кезінде команданың ойынынан ләззат алдым. Қазір жағдайым жақсы. "Ромаға" қарсы өткізген тоқсан минут көңілімне шықты, дейді әлемнің үздік ойыншыларының бірі.

Бұдан ертерек Криштиану Роналду биыл "Алтын допты" Месси алатындағын мәлімдеген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!