Ауыр атлетикадан ӘЧ: Алмас Өтешев - күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

Фотография - Ауыр атлетикадан ӘЧ: Алмас Өтешев - күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып - күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтерді.

802 0

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс аяқталды.

Тартысты өткен сайыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып - күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтеріп, қола медальді иеленді. Алмас бірінші мүмкіншілігінде 220, одан кейін 230 келіні еркін еңсерген еді. Алайда үшінші мүмкіншілігінде 234 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады.
Жасұлан болса, бірінші жолы 221 келіні еркін бағындырғанымен, екінші және үшінші мүмкіншілігінде 231 келіні еңсермеді. Алғашқы мүмкіншілігінде 178 келіні еркін бағындырған Жасұлан одан кейінгі мүмкіншіліктерінде 183 келіге тапсырыс бергенімен, бұл салмақты бағындыра алмады. Тағы бір спортшымыз Алмас Өтешев те бірінші мүмкіншілігінде 172 келіні еркін көтерген болатын. Екінші жолы 180 келіге тапсырыс беріп, оны көтергенімен төрешілер есепке алмай қойды. Ал спортшымыз үшінші мүмкіншілігін сәтті пайдалана алмады.
Осылайша, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Жасұлан үздік үштікке кірсе, Алмас 10-шы орында тұрған. Жұлқа көтеруде 181 келіні бағындырған ресейлік Алексей Косов көш бастады.

Әлем чемпионы атағы қос сайыста 405 келіні көтерген беларусь Вадим Стрельцовқа бұйырды.
Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді.

Сонымен қатар, өткен түнде жарыс жолына әйелдер бәсекесінде 63 килоға дейінгі салмақта сынға түскен спортшы қыздарымыз Жазира Жаппарқұл мен Олимпиада чемпионы (Лондон-2012) Майя Манеза шықты.

Қос жаттығу қорытындысы бойынша Жазира 256 (116+140) киломен жалпы есепте екінші орын алды. Ал 235 (100+135) килоны бағындырған Майя 10-орынға табан тіреді. Бұл сында қытай қызы Сян Яньмэй чемпион атанса (263 (120+143)), ресейлік Анастасия Романова (253 (116+137)) қола жүлдегер атанды.

Жазира Жаппарқұл өткен жылғы әлем чемпионатында да күміс медаль жеңіп алғанын атап өткен жөн. Ол кезде спортшы жалпы есеп бойынша 262 (118+144) килоны бағындырды.

Сонымен, бүгінде Қазақстан қоржынында 1 – алтын, 2 – күміс және 1 қола медаль бар. Айта кетейік, "алтынды" 77 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз Ниджат Рагимов алған болатын.


27-11-2015-Atletika 02

27-11-2015-Atletika 03

27-11-2015-Atletika 04

27-11-2015-Atletika 05



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!