Жазира Жаппарқұл әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленді

Фотография - Жазира Жаппарқұл әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленді

Дәл осы салмақта сынға түскен тағы бір жерлесіміз Мая Манезе қоссайыс нәтижесінде оныншы орынннан көрінді

657 0


АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.

Бұл салмақта еліміздің атынан екі спортшы бақ сынады. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орыннан көрінсе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал екінші серпе көтеру сайысында Жазира - 140 келі, Майя - 135 келі көтерді.

Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя алғашқы ондыққа ілікті.

Әлем чемпионы атағын қоссайыс нәтижесінде 263 келі көтерген қытайлық Сян Янмей иеленді, ресейлік Анастасия Романова қола медальді місе тұтты. 

Бұдан ертерек 94 келі салмақта ерлер арасында Алмас Өтешов күміс, Жаұлан Қыдырбаев қола еншілегенін хабарлағамыз.

Ал, Қазақстан қоржынына алғашқы алтында 77 келіге дейінгі салмақтағы  Нижат Рахимов салған болатын



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!