Ақмолалық полицей әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Фотография - Ақмолалық полицей әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

Ақмола облыстық ІІД учаскелік инспекторы әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

234 0

Ақмола облыстық ІІД учаскелік инспекторы әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Морокко Республикасының астанасы Касабланка қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 83 елінен келген 156 спортшы қатысты.

Қазақстан атынан ақмолалық спортшы Алмас Сүлейменов татамиға шықты. 52 келі салмақ бойынша сынға түскен жерлесіміз ақтық белдесуде Ресей спортшысын айқын басымдықпен жеңіп чемпион атанды. Ал одан жеңілген ресейлік Амыр Бакрасов екінші орынға тұрақтасады, үшінші орынды Украин және Өзбекстан Республикасының өкілдері өзара бөлісті.

Бұл - облыстық ІІД учаскелік инспекторы болып қызмет істейтін Алмас Сүлейменовтің әскери самбодан әлем чемпионатында үшінші жеңісі.


ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!