Владимир Кличко Тайсон Фьюри жеңіліп қалды

Фотография - Владимир Кличко Тайсон Фьюри жеңіліп қалды

Төрешілер жазбаларының есебі: 115-112, 115-112, 116-111.

237 0

Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиндық боксшы Владимир Кличконы ұпай санымен жеңіп,  IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.

Сенбі күні Дюссельдорфта өткен жекпе-жек 12 раундтың қорытындыларымен британдықтың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жазбаларының есебі: 115-112, 115-112, 116-111.

39 жастағы Кличко мен 27 жастағы Фьюридің жекпе-жегі 24 қазанда Дюссельдорфта өтуі тиіс еді, алайда украиндық боксшының жарақат алуына байланысты ұрыс кейінге қалдырылған болатын, деп жазады РИА Новости.

Кіші Кличконың есебінде 68 ұрыстан 64 жеңіс (53-і - нокаутпен)  қалды. Ал Фьюридің есебінде 25 ұрыста  - 25 жеңіс (18 нокаутпен) бар. Владимир Кличко соңғы рет 2014 жылғы сәуірде жеңіліс табпты. Онда WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайыста украиндық боксшы бес раундтан кейін техникалық нокаутпен американдық Лаймон Брюстерге жол берген еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!