Алматыда каратэ-додан ашық турнир өтіп жатыр

Фотография - Алматыда каратэ-додан ашық турнир өтіп жатыр

Турнир бүгін кешке қарай аяқталады

235 0

Бүгін Алматыда «Достық» спорт кешенінде каратэ-додан осымен екінші рет ашық қалалық турнир басталды. ҚР Тұңғыш Президенті күніне бағышталған бұл спорттық шараға бүкіл Қазақстан бойынша 6-17 жас аралығындағы 300-ге жуық жасөспірім спортшылар қатысуда.

"Турнирдің басты мақсаты - қоғам назарын балалар спортына аудару және жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау. Жарыс ката және кумитэ жүйесі бойынша жекелеген есепте өткізіледі. Жарысқа қыздар да ұлдар да қатысады. Олар 35 салмақ категориясы бойынша бақ сынасады. Ең төменгі салмақ +25 келі болса, ең жоғары салмақ +68 келі. Жеңімпаздарға медальдар, мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтар табыс етіледі", - деді турнирдің бас төрешісі Асқар Молдағали.

Бұл турнирге Алматы қаласы мен облысы, Астана қаласы және Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан спортшылар келді. Олардың арасында Азия чемпионы Александра Будкина мен Әлем біріншілігінің жүлдегері Кәкіш Ерасыл бар. 

Турнирді каратэдо-дан Алматы қалалық федерациясы мен Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт Басқармасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Айта кетелік, Турнирге құрметті қонақ ретінде белгілі Голливуд жұлдызы, жапондық актер Кэри-Хироюки Тагава  қатысты.

Турнир бүгін кешке қарай аяқталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!