ФИФА ӘЧ-2018 матчтарының басталатын уақытын бекітті

Фотография - ФИФА ӘЧ-2018 матчтарының басталатын уақытын бекітті

Турнир матчының ашылуы 14 маусымда Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де басталады.

271 0

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының басталатын уақытын бекітті. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.

Турнир матчының ашылуы 14 маусымда Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де басталады. Чемпионаттың ең ерте басталатын ойыны 16 маусымда сағат 13:00-де өтеді. Сол күні мундиальдің ең кеш басталатын матчы өтеді (22:00).

Қалған күндері кездесулер сағат 15.00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта өтеді. Финал Мәскеудегі "Лужники" стадионында 15 шілдеде сағат 18:00-де басталады.  

Мундиальдің финалдық бөлігінде жеребе тарту Мәскеуде 2017 жылғы 1 желтоқсанда өтпек. Футболдан әлем чемпионаты 2018 жылғы 14 маусымнан 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда: Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Қазан, Волгоград, Төменгі Новгород,  Самара, Саранск, Екатеринбург, Дондағы Ростов және Сочи қалаларында ұйымдастырылады, деп жазады Лента.ру.


Тегтер:

Ресей ФИФА ӘЧ-2018

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!